Аягөзде интернат тәрбиешілері мүгедек баланы ұрып-соққан

Қазір арнайы әлеуметтік орталық қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Балаға зәбір көрсету дерегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оны дәрігер маман дер кезінде байқаған екен. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиға орнына жедел жеткен аудандық полиция бөлімінің тергеушілері 15 жастағы баланың беті мен мойын тұсында зорлық белгілерін анықтаған.

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын осы интернаттың 4 тәрбиеленушісі ауруханаға түсіп, көз жұмған еді.

Сейілбек Ысқақов, Аягөз ауданының әкімі:

- Психиатр дәрігердің қырағылығының арқасы деуге болады. Қойылған бейнекамералар арқылы күнделікті бақылаудың нәтижесінде тәрбиешілердің балаларға қатаң қарағаны байқалған, анықталған. Соған байланысты қазір жұмыс жасап жатырмыз. Аудан прокуроры, біздің Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, әлеуметтік орталық лекторы осы жұмыстарды атқарып жатырмыз, қазір анықталып жатыр.

Руслан Мұратбеков, Аягөз ауданының прокуроры:

- Қылмыстық процестік кодекстің 201-і бабы талаптарына сәйкес қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайды. Қылмыстық істің тергелуі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы және аудан прокурорының аса қадағалауына алынды. Қылмыстық іс бойынша жан-жақты толық объективті тергеу амалдары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ...