426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда батуттың желі шығып кетіп, ішінде 20 шақты бала қалып қойды

  • 266
  • UPD: 17:01, 11.05.2021

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алғандар жоқ.

Кәсіпкер саябақтағы трансформатордың істен шығып, салдарынан осындай жағдай болғанын айтады.

Еске сала кетейік, өткен аптада айналмалы әткеншек кілт тоқтап қалып, 8 бала жарақат алған еді. Саябақтағы аттракциондар алдын ала тексерілмеген болып шықты. Осы оқиғалардан кейін ғана қала билігі профилактикалық шараларды күшейтпек .

Серік Қайырлиев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

– 2019 жылы қабылданған аттракциондардың қауіпсіздігі бойынша ұлттық стандарт бар. Ол стандарт бойынша тексеру негізінен жергілікті атқарушы органға тиесілі. Қазіргі уақытта тұрғын үй коммуналдық бөлімі жанынан инспекция құрылып жатыр арнайы. Осы бағытта жұмыс атқаратын болады. Мораторийге байланысты жеке кәсіпкерлік нысандарды тексеруге тыйым салынған. Дегенмен де профилактика жұмыстарын жүргізіп отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы