ШҚО-ның Бұқтырма кентіндегі демалыс орыны өртенді

Шығыс Қазақстанда тағы да өрт шықты. Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентіндегі демалыс базасында сегіз үй отқа оранды. Дәмхананың шатыры мен моншаны да жалын шарпыды.

Қазір құтқарушылар өртпен арпалысып жатыр. Жеке құрамның 51 маманы, 6 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар Серебрянск, Алтай қаласынан өрт сөндіру көліктері келді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Сондай-ақ...