Қарағандыда әкімдіктің ғимаратынан құлап мерт болған азаматқа қатысты жаңа деректер шықты

Облыстық еңбек инспекциясының тексерісінен кейін қайғылы жағдайға жұмыс беруші тараптың да кінәлі екені анықталып отыр.

Атап айтсақ, жұмыс үдерісі дұрыс ұйымдастырылмаған. Бұл жерде марқұм да абайсыздық жасауы мүмкін дейді мамандар. Тексеріс қорытындысы полицияға жолданған.

Еске салайық, 19 сәуір күні қала әкімдігі ғимаратының 4-і қабатынан 37 жастағы жұмысшы құлап, мерт болған еді.

Айзада Жұмабекова, облыстық еңбек инспекциясы басқарманың ресми өкілі:

– Жұмыс өндіруші тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы, жұмыс өндірісінің бұрыс ұйымдастырылуы, зардап шегушінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтауға қатысты нұсқаулықтарды сақтамағанын білдіретін өрескел абайсыздығы белгілі болды. Арнайы тергеу аяқталғаннан кейін ҚР еңбек туралы заңына сәйкес тексеріс қорытындысы тиісті шаралар қабылдау үшін аумақтық полицияға жіберілді.