Өскеменде оқушылар колонияға есірткі лақтырмақ болды

Өскеменде мектеп оқушылары колонияға есірткі лақтырмақ болды. Жасөспірімдер түнгі уақытты пайдаланып түрменің қоршауына жақындаған.

17 жастағы жеткіншектерді колония қызметкерлері аумақты тексеру кезінде ұстап алды. Олар скотчқа оралған екі түйіншекті қоршаудан асырмақ болыпты. Ораманың ішінен ақ және жасыл түсті дәрілер, ұялы телефон, оны қуаттайтын құрылғы шықты. Күдіктілерге қатысты хаттама толтырылды.