Жамбыл облысында 25 келіден астам марихуана тәркіленді

Ірі көлемдегі есірткі зат Шу қаласының тұрғынынан табылды. Ол өнімді қапшыққа салып мотоциклмен тасымалдаған. Күдікті түнгі уақытты пайдаланып оңай олжаға кенелгісі келген екен. Алайда полицейлер оны Тасөткел ауылынан 15 шақырым жерде қолға түсірді.

Асқар Жұмабеков, облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы:

- Ұсталған күдікті қылмысын мойындады. Қазір Шу қалалық уақытша ұстау изоляторына қамауға алдық. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тәркіленген есірткі 10 мың адамның санасын улауға жеткілікті. Бұл өте көп. Оның әр келісінің қара нарықтағы құны 80 мың теңге тұрады.