Алматыда бес адамды көлік қақты

Алматыда Жангелдин – Баянауыл көшелерінің қиылысында жол апаты болды, деп хабарлады zakon.kz.

Mitsubishi Pajero жүргізушісінің айтуынша, ол Баянауыл көшесі бойымен шығысқа қарай бағыт алған. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда қозғалып, жол қиылысына шығады. Осы кезде оңтүстік бағыттағы қиылыста бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан, автобустың артынан іші жолаушы толы такси Lada Granta атып шыққан. Mitsubishi Pajero тоқтап үлгермей, Lada Granta-ға соғылған. Mitsubishi жүргізушісінің айтуы бойынша, алған соққыдан Лада айналып барып, 5-6 адам тұрған жол шетіндегі жаяу жүргіншілер тротуарына ұшып түседі. Көлік адамдарды қағып, бір әйелді арыққа құлатып, артынан өзі оның үстіне түскен.

Адамдар бірден жүгіріп, әйелдің сыртқа шығуына көмектесті. Әйел адам мен таксидің екі жолаушысы ауруханаға түсті. Қалған жаяу жүргіншілер қатты зардап шеккен жоқ.