БҚО-ның Жәнібек ауданы аумағында 300 бастай киік қырылып қалған

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы аумағында 300 бастай киік қырылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл адамдары түсірген видеоларда киік өлекселері сай-саланы бойлай шашылып жатқаны анық көрінеді. Әзірге олардың неден өлгені анықталған жоқ. Кейбір болжам бойынша ақбөкендерге найзағай түсуі мүмкін. Өйткені олардың денесінен күйік байқалған. Қазір өлген киіктерден сынама алынған. Алайда, нәтижесі әзір белгісіз. Ал ауыл адамдары түз тағысы аурудан өлген жағдайда оның малға да жұғуы мүмкін деп алаңдайды.

Сондай-ақ...