427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда автобус бағанға соғылды

  • 133
  • UPD: 09:57, 14.05.2021
Павлодарда автобус бағанға соғылды

Павлодарда автобус бағанға соғылды. Жол апаты болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Сағат 07:43-те №38 маршруттық автобустың 44 жастағы жүргізушісі Торайғыров көшесімен келе жатып, Академик Бектұров көшесінің қиылысында рөлді басқара алмай, жарық бағанына, жол белгісіне және жарнамалық қалқанға соғылған. Аталмыш факт тіркеліп, сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі бала мен екі ересек адам ауруханаға жатқызылды. Куәландырудың қорытындысы бойынша жүргізуші сау болған. 

Хабар 24 телеарнасы