427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 372 бас киік қырылып қалды

  • 155
  • UPD: 15:23, 14.05.2021
БҚО-да 372 бас киік қырылып қалды

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында 372 бас киік қырылып қалған.

Өлекселер Тау ауылдық округіне жақын маңдағы канал бойында шашылып жатыр. Әзірге олардың нақты неден өлгені анықталған жоқ.

Ауыл тұрғындары «киіктердің қырылуына қандай да бір ауру себеп болса, төрт түлікке жұғуы мүмкін» деп алаңдайды. Жуырда ғана аталған өңірде киік төлдей бастаған еді. Сәуір санақ өтті. Оның  нәтижесі әзірге белгісіз.

Арман Ізімғалиев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Оқиға болған жерге патологиялық материалдардың судың, ауаның, топырақтың сынамаларын алу мақсатында құзырлы меморган мамандары тартылған болатын. қазіргі таңда киіктердің жаппай қырылу себебін анықтау мақсатында облыста жедел штаб құрылған болатын. Бірінші болжам бойынша киіктердің қырылу себебі ауа райының қолайсыздығынан болуы мүмкін. Себебі ұшаларда найзағайдың снаряды зақымдану белгілері анықталды бәрінен. Неден, қалай өлгенін зерттеу жұмыстары көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы