Желіде ақтаулықтардың жер сілкінісін сезінгені туралы ақпарат тарап жатыр

Ақтаулықтардың жерасты дүмпуін сезіп, үрейленгені жайлы ақпарат әлеуметтік желілерге тарап жатыр.

Ақтаулықтардың жерасты дүмпуін сезіп, үрейленгені жайлы ақпар, әлеуметтік желілерге тарап жатыр. Жердің сілкінуі, әсіресе қала сыртындағы өндірістік аймақта қатты сезілген.

Десек те, төтенше жағдайлар департаментіне кешелі бері тұрғындардан шақырту түспепті. Жергілікті Қазгидромет орталығының мамандары да жөнді мәлімет айта алмады. Ал жерасты дүмпуіне Оймашы полигонында жасалған жарылыс себеп болғаны туралы ақпаратты әскерилер жоққа шығарды.

№ 25/744 әскери бөлімінің баспасөз қызметі кезекті оқу-жаттығулар жүргізіліп, жоспарлы түрде тазалау жұмыстары болғанын айтты. Сондай-ақ оның жер сілкінісіне еш қатысы жоқ деп мәлімдеді.