427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ә.Айтбаеваны зорлау ісі бойынша қазақстандыққа айып тағылды

  • 499
  • UPD: 08:11, 16.05.2021

Грузия прокуратурасы отандасымыз Әсел Айтбаеваны екі мәрте зорлау дерегі бойынша Қазақстан азаматына сырттай айып тақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті марқұмның алыс туысы боп келеді. Оның бұл іске қатысы барын осыған дейін Әселдің анасы мен әпкесі де айтқан еді. Кейбір мәлімет бойынша, ер адам біздің елімізде болуы ықтимал. Грузияның ішкі істер министрілігінің мәліметі бойынша ол 6 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ осы іске қатысты зорлау және өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу деректері бойынша Грузия азаматына да айып тағылған. Ол 8 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Қазір екінші күдікті қамауға алынған.

Айта кеткен жөн, отандасымыз Әсел Айтбаева 5 мамырға қараған түні Грузия астанасында белгісіз жағдайда көз жұмған еді. Ол 9-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Марқұмның денесі ол тұрып жатқан үйдің жанындағы құрылыс алаңынан табылған. Сол түні Әселдің құрбысына аудиожазба жібергені белгілі. Онда марқұмға белгісіз ер адамның зәбір көрсетемін деп қорқытқаны жазылған. Қазір бұл іске қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы