Шымкентте құрылыс материалдары жанып кетті

Өткен түнде Шымкенттің Абай ауданындағы Водопьянов көшесінде орналасқан сауда нысанының аумағында құрылыс материалдары жанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалын 290 шаршы метр жерді шарпыған. Құрылыс заттарын сататын 9 дүңгіршек және 150 текше метр ағаш өртенді. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны қазір анықталып жатыр. Қаза тауып, зардап шеккендер жоқ.