ШҚО-да өртенген жүк көліктен екі адамның мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысында отқа оранған жүк көлігінен 2 адамның мәйіті табылды.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 мамыр күні Өскемен-Алтай тас жолының 25 шақырымында «Вольво» маркалы жүк көлігі аударылып түскен.

Жол апатының салдарынан көліктің шанағы жанған.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 9 шаршы метрді құраған тілсіз жау ауыздықталды. Өртті өшіру кезінде 2 мәйіт табылды. Қаза болған азаматтардың жеке бастары анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама жұмыстары жүргізілмек. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамнан 15 адам мен 5 техника жұмылдырылған.