426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі адам мен 40 жылқы өртеніп кетті

  • 181
  • UPD: 17:25, 16.05.2021
БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі адам мен 40 жылқы өртеніп кетті фото: kaztag.kz

Оралда 40 бас жылқы тиелген КамАЗ бен Mercedes автокөлігі соғысып, өртке оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Самара – Шымкент тас жолының 464-ші шақырымындағы Қаратөбе ауданы аумағында болған. Құтқарушылар екі адамның мәйітін тапқан. Тағы бір адам аудандық ауруханаға жатқызылды. Көліктегі жылқылар түгел жанып кеткен. Қазір жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы