БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

16 мамыр күні Орал – Тасқала тасжолында жол апаты болды.

​«Орал қалалық полиция басқармасының қызметкері полиция майоры Бисенғалиев Мержан Қуанышұлы «Шевроле-Кобальт» маркалы жеке көлігімен Тасқа ауданының Айнабұлақ ауылына жақын жерде кюветке аударылып қалған. Көлікте ол жалғыз өзі болған екен, өкінішке қарай, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

​Бұл факті Тасқала аудандық Пб сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде (Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-т).

​Марқұмның артында отбасы, кішкентай қызы қалды.