Алматы облысында жеңіл көлік екі КамАЗ-дың ортасында қалды

Алматы облысында жантүршігерлік көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін сағат 10:00 шамасында болды. Қарасай ауданының Жібек жолы – Елтай – Боралдай автожолында жеңіл автокөлік екі КамАЗ-дың ортасында қалған. Соққының салдарынан «Мазда-626» көлігінің сау-тамтығы қалмады. Көлік апатын Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі растады.

«HUALING» маркалы жүк көлігі кептеліс салдарынан арақашықтықты сақтамай «Мазда-626»-ға барып соғылған. Жеңіл автокөлік соққының салдарынан алдындағы «Volvo» жүк көлігіне созылған. Оқиға орнында жеңіл машинаның жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға түсті», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазір аталған көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.