ШҚО-да жоғалып кеткен екі баланың мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысында жоғалған екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

17 мамырда түстен кейін Үржар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Елтай ауылында үш жасар екі бала жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері бірден іздестіруге кірісті, көмекке жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар келді.

Іздеу нәтижесінде балалардың мәйіті үйінен 350 метр қашықтықта бақша алқаптарын суаруға арналған арықтан табылды.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.