Алматыда көп қабатты үй өртеніп, адамдар эвакуацияланды

Алматыда көп қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

17 мамыр күні түнгі сағат 22:44-те Алматы қалалық ТЖД кезекші «101» пультіне Түрксiб ауданы Спасская көшесi №63 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт сөндіру бригадасы келген кезде 3 қабатты тұрғын үйдiң балконынан шатырға тарап 300 шаршы метр аумақ өртеніп кетті. Барлық пәтерге қызыл жалынның таралу қаупi туындады. Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi, aвтоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды. Газ-түтiннен қорғау қызметi пәтерде адамдардың бар-жоғына барлау жүргiзiп, 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде жетеуі бала», - деп хабарлайды ТЖД.

Өрт 37 минутта оқшауланып, 23:56 минутта толық сөндірілді. Өрттi cөндiруге жеке құрамнан 74 адам және 21 бipлiк техника жұмылдырылды.