ШҚО-да арықтағы суға батып көз жұмған балаларға қатысты тергеу басталды

ШҚО-да арықтағы суға батып көз жұмған балаларға қатысты тергеу басталды

3 жастағы екі бүлдіршін үй жанындағы арықтағы суға батып қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Елтай ауылында болған. Балалардың жоғалғаны туралы хабар түскен бойда полицейлер іздеуге кіріседі. Көп ұзамай екеуінің мүрдесі сол маңдағы арықтағы судан табылды. Қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталып, сот сараптамасы тағайындалды. Ал бір ай бұрын Риддер қаласында да 2 жастағы бала үйдің жанынан ағатын өзенге түсіп қайтыс болған.

Думан Айтқазыұлы, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Полиция қызметкерлері үнемі суға шомылатын орындарда үнемі рейдтік шаралар өткізеді. Қазіргі таңда көп жағдайлар, қайғылы оқиғалар ата-аналар балаларды қараусыз қалдыруынан болады. Ата-аналардан суға түсетін жерлерде, балалармен бірге демалыс кезінде алкаголь ішпеуді сұраймыз.