«Стилім сондай»: сәнқой полицей шымкенттіктердің ашу-ызасын келтірді

Шымкенттік полиция қызметкері жергілікті тұрғындардың назарын өзіне аударды.

Ол әдетте киетін бренд футболкасымен біріңғай шалбар киіп, қызметтік түсіндірме жұмыстарын жүргізбек болған. Оқиға Еңбекші ауданының аумағындағы белгіленбеген сауда орындарында болғаны анықталды. Шағын базар саудагерлері полицияның дәстүрлі формасын кимеген тәртіп сақшысын ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

- Шымкенттік полициялар! Ешқандай тәртіп жоқ. Азық-түлік алып жатқан жерге келіп, кедергі жасауда. 

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласының Полиция Департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Нәтижесінде екі полиция қызметкерінің әрқайсысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.