426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Қазақстан облысында құм аралас дауыл соқты

  • 157
  • UPD: 22:37, 18.05.2021
Солтүстік Қазақстан облысында құм аралас дауыл соқты

Солтүстік Қазақстан облысында құмды дауыл тұрды. Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбалары мен Қазгидромет ақпаратына сүйенсек, кей жерлерде құйын жылдамдығы секундына 33 метрге дейін барған.

Нақтырақ айтсақ, Ақжар ауданының Талшық ауылында жел екпіні секундына 23 метрге жеткен. Қызылту мен Тайынша ауылдарында да күн райы бұзылды. Синоптиктердің айтуынша, бұл құбылыс ауа массалары ауысқан кезде пайда болады. Оның үстіне өңірде топырақ қабаты құрғақ және ұзақ уақыт бойы нөсерлі жаңбыр да жаумапты. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құмды жел салдарынан зардап шеккендердің бар-жоғын нақтылап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы