427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда бір күнде екі үй өртенді

  • 139
  • UPD: 23:59, 18.05.2021
Оралда бір күнде екі үй өртенді

Оралда бір күнде екі үйде өрт болды.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 мамыр күні с ағат 16:57-де Қ.Аманжолов көшесіндегі 16-үйде жалпы ауданы 120 шаршы метр, алты отбасына есептелген барак типтес бір қабатты үйдің жабыны мен шатыры жанды. Өрт сондай-ақ көршілес орналасқан Қ.Аманжолов көшесіндегі 14-үйді (15 шаршы метр) және Е.Пугачев көшесіндегі 33-үйдің қора-қопсысын (10 шаршы метр) шарпыды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 18 адам, 5 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:46-да толықтай сөндірілді. Сонымен қатар сағат 21:17-де 4-шағын ауданда 10-үйдің үшінші қабатында 88-пәтердің балконы отқа оранды. Бұл өрт сағат 21:33-те оқшауланды.

Хабар 24 телеарнасы