Павлодар облысында ер адам тоқ соғып көз жұмды

Павлодар облысында ер адамды тоқ соқты. Қайғылы жағдай Железин ауданында тіркелген, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, полицияға 18 мамыр күні сағат 09:50 шамасында Веселая Роща ауылынан үш шақырым жерде теміржол бойында ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Электрик-контактник болып жұмыс істейтін 1987 жылы туған адамның жоғары кернеулі желіде жұмыс істеп жатқан кезінде электр тоғына түскені анықталды. Оқиға куәгерлері бар», - дейді баспасөз қызметінде.

Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.