Алматыда әйел адамды автобус қағып кетті

Алматыда 46 жастағы әйелді автобус қағып кетті.

Жапа шегуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«БаТу Транс» тасымалдаушы компания мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан жол апаты 19 мамыр күні таңғы сағат 6:20-да болды.

«№208 автобустың жүргізушісі Жангелдин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Пестковский көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 1975 жылы туған әйелді қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады «БаТу Транс» ЖШС.