ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Елубаев қайтыс болды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары, отставкадағы генерал-майор Бауыржан Елубаев қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бауыржан Елубаев – ҰҚК құрметті қызметкері, құрметті шекарашы, саяси ғылымдарының докторы, профессор. II дәрежелі «Даңқ» орденімен, Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасының медальдарымен, грамоталармен, құрметті атақтармен, мемлекеттік және Ұлттық қауіпсіздік, сондай-ақ ТМД органдарының төс белгілерімен марапатталған.

Сонымен қатар Білім министрлігі «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін», «Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» (III дәреже) белгісімен, Сыртқы істер министрлігінің грамоталарымен марапатталған. Нұр-Сұлтандағы «Генералдар кеңесі» РҚБ өкілдігін басқарған.