Павлодар облысында қатты дауылдан төрт мектептің шатыры ұшып кетті

Павлодар облысында қатты дауыл тұрды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желдің жылдамығы секундына 20 метрге жеткен. Осының салдарынан Ертіс ауданында үш, Ақтоғай ауданында бір мектептің шатыры ұшып кеткен. Сонымен қатар Павлодар – Нұр-Сұлтан тас жолы бойындағы Қалқаман кентіне жақын маңда орналасқан жанармай құю бекетінің де шатыры жұлынған. Жалпы аумақ 340 шаршы метрді құрайды. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Синоптиктер алдағы күндері қатты жаңбыр жауып, дауылды жел сақталатынына байланысты дабылды ескерту жариялады.

Айдын Қажыбеков, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Ұйытқып соққан желдің екпіні Ақсу ауданы Қалқаман кентіндегі жанармай құю бекетінің төбесіне зақым келтірді. Оның көлемі 84 шаршы метрді құрайды. Қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.