Көкшетауда заңсыз қару-жарақ сатқан қылмыстық топ қолға түсті

Көкшетауда қару-жарақты заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызмектерлері арнайы операция кезінде 3 адамның ұсталғанын айтады. Оларды тінту кезінде 7 тапанша, 96 жарылғыш зат және 80 оқ дәрі табылыпты. Күдіктілер жарылғыш заттарды өздері дайындап отырған. Ол үшін жер үйдің бірін қару-жарақ әзірлейтін цехқа айналдырып қойған. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.