Жамбыл облысында сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Отарда міндетті әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды «Хабар 24».

82/796 әскери бөлімінде әскери қызметкер казарманың 4-қабатынан секіріп кеткен. Дәрігерлер өміріне араша түскенімен, аман алып қала алмапты. Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сарбаз биыл сәуір айында әскерге шақырылып, мамырдың 15-і күні ант бергенін айтып кету керек. Қорғаныс министрлігі марқұмның туған-туыстарына көңіл айтады.