Қарағанды облысында сәби терезеден құлап кетті

Қарағанды облысы Шахан кентіндегі көп қабатты үйлердің бірінің терезесінен 3 жасар сәби құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 21 мамырда Шахан кентінде болды. 2018 жылы туған қыз бала ауыр халде медициналық мекемеге жатқызылды. Биылдың өзінде бұл – 1 жастан 8 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлауының 7-оқиғасы. Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналарға кішкентай балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.