Оралда 11 жасар екі баланы көлік қағып кетті

Орал қаласының Круглоозёрный кентінде «Лада Калина» көлігі 11 жастағы екі баланы қағып кетті.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл көліктің тізгінінде 1972 жылы туған ер адам болған. Зардап шегушілер бұл кезде ауладағы балалар алаңында ойнап жүрген екен. Олар әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция оқыс оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы