Ақтөбеде мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтөбеде мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

22 мамыр күні сағат 02:30-да Ваз 21144 автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Бөгенбай батыр көшесімен П.Морозов көшесінің қиылысында жүріп келе жатып, жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан 53 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оң жіліншігінің жабық сынуы анықталып, Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Жүргізушінің қанында алкогольдің бар-жоғына жүргізілген сараптама көрсеткендей, жүргізуші алкоголь мен опиоидтерді тұтынудан туындаған мас күйде көлік басқарған. Аталған факті бойынша полиция тергеу жүргізуде.