Петропавлда әлеуметтік қызметкер тыл ардагерінен алдап алған үйін қайтарды

Петропавлда жасы 80-нен асқан тыл еңбеккерінің сеніміне кіріп, екі бөлмелі пәтерін заңсыз жолмен атына аударып алған әлеуметтік қызметкер баспананы қайтарып берді.

Пысықай кейуананы қарттар үйіне өткізіп, құжаттарын рәсімдеп алған. Людмила Носик өз проблемасын айтып арнамызға шағымданған еді. Біздің материалдан кейін бір апта өткен соң сезікті өз еркімен үйді қайтарып беруге шешім қабылдаған. Бірақ кешірім сұрамаған. Қазір «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Наталья Середа, немересі:

- Әжемізді Ресейге алып кетеміз деп шештік. Ол бұрынғы үйіне бармайды. Себебі онда тұруға жарамсыз. Пәтердің ішін жинастырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.