427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада терек мамығының өртенуі жиіледі

  • 181
  • UPD: 23:44, 24.05.2021
Елордада терек мамығының өртенуі жиіледі

Кейінгі екі тәулікте 40 дерек тіркелді. Былтыр көрсеткіш мұнан 3 есе аз болатын. Бұған себеп биыл терек мамығы әдеттегіден көп түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрт сөндірушілер адамдардың немқұрайлы көзқарасы оқыс жағдайға себеп болып жатқанын айтады. Арасында мамықты әдейі өртейтіндер де бар. Қарапайым темекі шоғы да қауіпті. Сондықтан мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырады және мамықтың әлі ай соңына дейін көп болатынын ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы