Ақорда маңы өртенді

Ақорда маңында терек мамығы өртенді. Оқиға түскі уақытта болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мұны бәзбіреулердің әдейі істеуі мүмкін екенін айтады. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтап үлгерген. Ешкім зардап шекпеді.