Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

Ақтөбе облысындағы халықаралық тасжолда жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті.

Бүгін жол апатына ұшыраған екі жеңіл көлікте екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық және республикалық маңызы бар тасжолдарда жол-көлік оқиғасы көбейді.

«Бүгін Самара – Шымкент тасжолының 908 шақырымында Nissan жеңіл автокөлік жүргізушісі көлік қозғалысының қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, Mercedes маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Nissan автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жол апатының себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.