Маңғыстау облысында соңғы қоңыраудың арты төбелеске ұласты

Соңғы қоңырау жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін желіде бір-біріне жұдырық ала жүгірген бір топ оқушының видеосы жарияланды.

Оқиға Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында тіркелді. Бұл осы елді мекендегі екі мектептің білім алушылары екені белгілі болды. Оқиға орнында 7 адам ұсталып полиция бөлімшесіне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір полицейлер мән-жайды анықтап жатыр.