Темір шарбақтың арасына басын тығып алған бүлдіршін құтқарылды

Қарағанды облысының Приозерск қаласында кішкентай қыз темір дуалдың арасында басымен қыстырылып қалды.

Абырой болғанда, құтқарушылар баланы аман алып шықты. 2017 жылы дүниеге келген бүлдіршін аулада ойнап жүріп, басын металл шарбақтың арасына кіргізіп, содан шыға алмай қалған. Оны көрген ересектер бірден құтқарушыларды шақырған. Мамандар гидравликалық құралмен темір шарбақты кесіп, баланы алып шықты. Бүлдіршін зардап шеккен жоқ.

Сондай-ақ...