Теміртаудағы комбинатта балқыған металл екі жұмысшының үстіне төгіліп кетті

Теміртау қаласындағы ең ірі металлургиялық комбинатта апат болды.

Жұмыс барысында балқытылған шойынды тасымалдайтын кранның шөміші құлап кеткен. Екі адам күйіп қалды. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы ауыр екенін айтады.

Айзада Жұмабекова, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы:

- Топтық жазатайым фактісі бойынша тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Жазатайым оқиғаның салдары мен себебі тексеру жүргізілген соң белгілі болады. Бұл туралы қосымша хабарлаймыз.