Жамбыл облысында 13 жасар бала суға кетті

Қаратау қаласындағы Жартас көлінде 13 жастағы бала суға кетіп қайтыс болды. Жеткіншек қатарластарымен суға түскен.

Шомылып жүрген төртеудің бірі лезде ғайып болады. Марқұмды таппай қалған балалар айқайлап төңіректегілерді көмекке шақырған. Тұрғындардың бірі судан шығарып, алғашқы жәрдем көрсетуге тырысқан. Алайда тым кеш болды.

Айта кету керек, облыста шомылуға рұқсат етілген 16 орын белгіленген. Жуырда өңірде шомылу маусымы басталады. Құтқарушылар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр.

Руслан Шариев, Облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Номер бірінші лицей мектебінің 6-сынып оқушысы, 2008 жылы туған. Шомылу барысында рұқсат етілмеген жерде батып кеткен.  Статистикаға сәйкес, 2020 жылы облыста 18 адам қайтыс болған. Оның ішінде тоғызы бала.