ШҚО-да өртенген үйден жеті адам құтқарылды

Алматы облысының Текелі қаласында апатты үйдің төбесі опырылып құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ал Өскеменде өрт сөндірушілер отқа оранған үйдің ішінде қалған мүмкіндігі шектеулі азаматты құтқарды.

Шығыс Қазақстан облысы Ново-Ахмирово кентіндегі бес қабатты үйде өрт болды. Бесінші қабаттағы пәтердің ішіндегі жиһаз бен тұрмыстық құралдар жанып кеткен. Қызыл жалын шыққан үйден жеті адам құтқарылды. Тілсіз жауды өшіруге жеке құрамның 22 маманы жұмылдырылды.

Ақтауда оқушылар көлікпен қауіпті маневр жасаған

Ақтауда жоғары сынып оқушылары көлікке отырып, қауіпті маневрлер жасаған. Бейнежазбада жасөспірімдердің шаһардағы тұрақтардың бірінде жиналып, қатты жылдамдықпен жүргені көрінеді. Кінәлілер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысында жол ережесін елемегендер жауапқа тартылды

Алматылық полицейлер Алматы – Бішкек жолында заң бұзған азаматтарды жауапқа тартты. Жастардың мемлекеттік тіркеу номерінсіз және көлік есіктерін жаппай жүргені белгілі болды. Бейнежазба әлеуметтік желіге тараған соң тәртіп сақшылары жүргізушілерді бірден ұстады. Олардың төрт көлікпен жүргені анықталды. Жол ережелерін елемегендер 17 және 22 жастағы Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты. Оқиға бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырылды.

Апатты үйдің төбесі құлады

Текеліде 60 жыл бұрын салынған екі қабатты үйдің төбесі құлады. Абырой болғанда одан ешкім зардап шеккен жоқ. Апатты деп танылған үйде екі отбасы тұрып жатыр.

БҚО-да мектеп түлегі суға кетті

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында 18 жастағы бала суға кетті. Мектеп түлегінің атасына қонаққа келгені анықталды. Ол Қалдығайты көлінде қатарластарымен бірге шомылған. Сала мамандарының айтуынша, жастар рұқсат етілмеген жерде тыныққан.

Өрттен бір адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласында жекеменшік үй отқа оранды. Өрт сөндірушілер келгенше нысанның шатыры жанып кеткен. Қызыл жалын 60 текше мертлік аумақты шарпыды. Өртпен күрес барысында үйдің ішінен 1963 жылғы азамат терезеден шығарылды. Мүмкіндігі шектеулі жан өз бетінше далаға шыға алмаған.

Сондай-ақ...