Қызылордада 12 жасар бала жоғалып кетті

Кәмелетке толмаған бала кеше кешке үйінен шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасы. 

Қызылорлық полицейлер жоғалып кеткен 12 жасар Бектұраз Сазақовты іздестіріп жатыр.

27 мамыр түнгі сағат екіде қала тұрғыны полицияға хабарласып, көмек сұраған.

Әйелдің айтуынша, кәмелетке толмаған ұлы Бектұраз Сазақов 26 мамыр кешкі 18:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Баланың белгілері: бойы 110-115 см, арықша келген, қара торы, шашы қара, бетінде қалы бар. Үстіне жасыл футболка, қара-ала шорты киген, аяғында ақ түсті кроссовка болған.

Қызылорда қалалық полициясы Бектұразды көрген-білгендер болса, мына телефон нөмірлеріне хабар беруді сұрайды: 8(7242)-29-75-20 немесе 102.