426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жасөспірім суға батып кетті

  • 251
  • UPD: 15:29, 27.05.2021
Қызылордада жасөспірім суға батып кетті inform.kz

Қызылордада 14 жастағы жасөспірім каналға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 26 мамырда сағат 17:07 шамасында болды. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде тұратын 2007 жылы дүниеге келген жасөспірім арнайы белгіленбеген орында суға түскен.

«Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті және оған қарасты мекемелерден 40-қа жуық маман қажетті техникалармен келді. Оқиға орнына полиция да келді. Жасөспірімнің денесі жағаға шығарылды», – деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы