Қазақстан-Ресей шекарасында есірткі тасымалдаған шетел азаматы ұсталды

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» автокөлік өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік иттің көмегімен жүк көліктерін тексеру барысында 135 келідей есірткі затын анықтады. Қырғызстан азаматы оны темір тұлпарының артқы дөңгелектеріне жасырған. Сараптамадан кейін бұл салмағы 96 келіден асатын гашиш пен 40 келіге жуық героин екені анықталды.