427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайрам-Өгем мемлекеттік паркінде жоғалып кеткен екі турист әлі табылған жоқ

  • 191
  • UPD: 13:31, 31.05.2021

Құтқару жасақтары 7 тәулік қатарынан мобильді топтарға бөлініп, шатқалдарды аралаумен келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов хабарлады. Өгем тауы өзенінің жағасында да іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Құтқарушылар тауда түнейді. Тікұшақ ұлттық парк аймағын түгел айналып өтті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, полиция, құтқарушылар, шекарашылар парк қызметкерлері жоғалған екі туристті тірі деп үміттеніп, іздеуді тоқтатпайды.

Нұрғали Жүнісов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

– Қазіргі таңда 2 баладан ешқандай хабар жоқ. Кешелі бері сағат 21:00-ге дейін жаяу іздестіру жұмыстары жүргізілді. Өзбекстан республикасының аумағына дейін тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру күні біз Өзбекстан республикасының ТЖМ-дегі әріптестерімізге шығып, ол әріптестеріміз сол Өгем өзенін өздерінің аумағында орналасқан телімін Қазақстаннан әрі қарай Шарбақ су қоймасына дейін олардың құтқарушылары іздестіру жұмыстарын жалғастырды.

Хабар 24 телеарнасы