427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тауда жоғалған туристерді іздеуге Өзбекстанның ТЖМ жұмылдырылды

  • 201
  • UPD: 14:46, 31.05.2021

Түркістан облысында жоғалған туристерді іздеуге Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты құрылымдар да жұмылдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі саяхатшылар байқамай, көрші елдің аумағына өтіп кетуі мүмкін деген болжам бар. Бүгінге дейін құтқарушылар, полиция мен еріктілер жасағы 350 шақырымнан астам жерді жаяу аралап шықты. Таулы аймақтағы 3500 шақырымдай аумақтың тікұшақпен, ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың көмегімен әуеден барланған.

Ерік Сарыбаев, Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Жоғалғандарды іздестіруге облыстық төтенше жағадайлар қызметі мен полиция департаменті, ұлттық гвардия және табиғи парк қызметкерлері жұмылдырылды. Бұл операцияға Өзбекстанның Ташкент облысындағы әріптестеріміз де қызу атсалысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы