426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да жеңіл көлік Жайық өзеніне батып кетті

  • 140
  • UPD: 13:56, 31.05.2021
БҚО-да жеңіл көлік Жайық өзеніне батып кетті

Оқыс оқиға салдарынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«ВАЗ-2121» маркалы көлікті басқарған ер адам Есенсай ауылы маңындағы паромнан өтпек болған. Алайда тежегіштен ақау шығып, темір тұлпар суға түсіп кетті.

«Қайғылы жағдай 30 мамырда сағат 15:30 шамасында болды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 4 адам мен 1 техника жұмылдырылды. Сағат 19:14-те құтқарушылар 49 жастағы жүргізуші мен автокөлікті судан шығарды», – делінген БҚО ТЖД ресми хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы