426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Қазақстанда 28 жастағы жігіт суға кетті

  • 124
  • UPD: 17:40, 31.05.2021
Солтүстік Қазақстанда 28 жастағы жігіт суға кетті

Солтүстік Қазақстанда Есіл өзеніне шомылған қостанайлық 28 жастағы жігіт суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға өткен демалыс күні Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Урожайное ауылы маңында болған. Марқұм отбасымен достарына қонаққа келіп, рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Салдарынан қатты иірімге тап болған. Қазір оның ішімдік ішкен-ішпенін анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалды. Жалпы өңірде күн жылығалы 58 шомылу орны жасақталды.

Қуат Махметов, облыстық ТЖД басқармасының аға офицері:

– Ол есіл өзені маңына жанұясымен демалуға келген. Бірақ сол жердегі жағаның төмен болуына байланысты ол жағадан секіріп суға түскен кезде суға батып кетті. Жыл басынан төрт адам суға кетті. Оның ішінде тек бір адам суға түсу кезінде батқан. Қалғандары оқыс оқиға кезінде.

Хабар 24 телеарнасы