Елімізде жыл басынан бері 34 бала суға кетті

Жыл басынан бері елде 34 бала суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 21 бала шомыламын деп жүріп көз жұмған еді. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің айтуынша, қайғылы жағдай көбіне Түркістан облысында тіркелген. Бұдан бөлек, өрт кесірінен 17 бала көз жұмды. 84 бүлдіршін иіс тиіп қайтыс болған. Сондықтан мамандар жаз мезгілінде жұмысты күшейтіп, оқыс оқиғаның алдын алуға арналған шараларды көбейткен.

Бауыржан Сыздықов, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы:

– Мамырдан тамызға дейін «Қауіпсіз балалық шақ», «Отсыз демалыс», «Менің қауіпсіз демалысым», «Оттан сақ бол» сияқты акциялар өтіп жатыр. Енді шілде мен тамыз арасында «Сіріңке бір өмірдің бағасы» деген акция ұйымдастырылатын болады. Өрттің себептері, темекіден болатын өрттің алдын алу сынды тағы басқа акциялар өтеді.