427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы әуежайында екі ұшақ соқтығысты

  • 159
  • UPD: 21:32, 31.05.2021
Алматы әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Алматы әуежайында тіркеп сүйреу кезінде А 320 ұшағы Boeing 767 ұшағын жанап өтті.

Екі әуе кемесі де Air Astana әуе компаниясына тиесілі, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған оқиға Алматы әуежайында 29 мамыр күні болған.

«Ангардың техникалық тұрағы маңында техникалық жұмыстардың жүргізу үшін ұшақты тіркеп сүйремек болған кезде А320 ұшағы шарклетімен Boeing 767 ұшағының стабилизаторын жанап өтті. Екі борт та Air Astana әуе компаниясына тиесілі. Қазір екі ұшақта да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тергеу амалдары да басталды, - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы